Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастыруда. 2025 жылдың басынан бастап департамент 93 көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.
Мәселен, ағымдағы жылдың қазан айында 2 өтініш берушінің Катонқарағай ауданының жергілікті атқарушы органдары тарапынан жеке қосалқы шаруашылық үшін жер учаскелеріне құқық беруден бас тарту фактілеріне қатысты өтініштері қаралды.
Өтініштерді қарау барысында мемлекеттік органдар тарапынан бас тартудың негізсіз екендігі анықталды.
Осыған байланысты, Департаментпен өтініштерді қарау қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау қажеттілігі туралы хат жолданды. Қазіргі уақытта көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштері ауданның жер комиссиясының отырысында қайта қаралды.
Сондай-ақ, Департамент ағымдағы жылдың қазан айында Ауыл шаруашылығы саласындағы ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы бақылау және жоспарлы жүргізу барысында 40 көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің өтуіне қарамастан, оны көрсету нәтижесі ұсынылмағанын анықтады.
Департаменттің араласуынан кейін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері барлық көрсетілетін қызметті алушыларға берілді.
Мұндай мысалдар көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының сақталуына тиімді бақылаужүргізу арқылы бұзушылықтарды уақытылы жоюға және азаматтардың мемлекеттік қызмет институттарына деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Егер мемлекеттік қызметтерді алу кезінде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған болса, Сіз Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне келесі мекенжай бойынша жүгіне аласыз: Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылы, 4. Анықтама телефоны: 8 (7232) 76-51-26.
Сондай-ақ, шағымды немесе өтінішті «Е-Өтініш» электрондық платформасы және «EgovKzBot2.0» Telegram-боты («уәкілетті органға жүгіну» бөлімі) арқылы беруге болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Айқымбеков Е. М.




