F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Мұз үстіндегі бәсеке: «Бұқтырма балықшысы – 2026» жеңімпаздары анықталды

F16 F16
02.03.2026, 12:35
Алтай, Жаңалықтар, Қоғам
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Биыл Шығыс жұрты 1 наурызда қос мереке – Алғыс айту күні мен «Бұқтырма балықшысы» республикалық фестивалін атап өтті. Бұл күні Бұқтырма су қоймасының жағалауына еліміздің түкпір-түкпірінен қонақтар жиылды, деп хабарлайды F16.kz.

Қармағын асынып, қапшығын арқалаған дүйім ел құлқын сәріден Алтай ауданын бетке алды. Олардың ішінде кәнігі балықшылар да, табиғат аясында демалуды ұнататын өңір тұрғындары да бар. Отбасымен жүргендер де аз емес. Қармақ салған қауымның арасынан Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты көрдік…

Балықшылар бәсекесіне қатысу үшін адамдар алдын ала тіркеліп, қауіпсіздік ережелері бойынша міндетті нұсқамадан өтті. Ал жанкүйерлер мен көрермендерге ұйымдастырушылар түрлі ойын-сауық бағдарламасын ұсынды. Ерекше қызығушылық тудырған шаралардың бірі – алдағы 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумды қолдау мақсатында безендірілген әуе шарымен көкке көтерілу болды.

Қонақтарға арнап бірнеше киіз үй тігіліп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Онда палау, кәуап, ыстық шай мен бауырсақ таратылды. Әсем табиғат аясында салт атпен серуендеу, ит жегілген шанамен жүру сияқты қызмет түрлері ұсынылды. Бәрінен де бала-шаға мәз. Мұз үстіндегі сахнада қазақ эстрадасының жұлдызы Еркін Нұржанов ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ облыстық филармония әртістері де көптің ықыласына бөленді. Сонау Кубадан арнайы келген «Проект Умберто» тобы Алтайдың сақылдаған сары аязына қарамастан ашық аспан астындағы сахнада өнер көрсетіп, жиылған жұртты тәнті етті.

Бұл фестивальдің игі дәстүрге айналып, жыл сайын қатысушылар қатарының артып келе жатқаны қуантады. Мұндай шаралар туризмді дамытуда, белсенді әрі салауатты өмір салтын насихаттауда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының бірегей табиғи әлеуетін танытуға мүмкіндік береді. Бұқтырма су қоймасы – өңірдегі ең көрікті жерлердің бірі, осындай ауқымды іс-шаралар оны тұрғындар мен қонақтарға жаңа қырынан танытуға жол ашады. Әрине, жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, лайықты марапаттарына ие болады. Алайда ең бастысы – фестиваль барысындағы еркін қарым-қатынас пен шынайы спорттық бәсекенің ерекше атмосферасы. Алдағы уақытта да осындай бастамаларды қолдап, туризмді дамытып, Шығыс Қазақстан картасында жаңа тартымды орындар қалыптастыра береміз, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Кәсіби балықшылар мен әуесқойлар бақ сынаған фестивалінде үздіктер бірнеше аталым бойынша анықталды. «Әйел балықшы» номинациясында Ирина Сламихина жеңімпаз атанып, 100 мың теңге ақшалай сыйақыға ие болды. Ең үлкен балық (173 грамм) аулаған Гали Темірғалиев BIG FISH аталымында үздік шықты.

Жүлдегерлерге келсек, 3-орын мен 300 мың теңге сыйақыны Айқын Нұрмұхамбетов иеленді. Жүлделі 2-орынды Владимир Карпенко жеңіп алды. Оған 400 мың теңге сыйақы берілді. Ал «Бұқтырма балықшысы» фестивалінің бас жүлдесін және 500 мың теңге сыйақыны Быструха ауылының тұрғыны Роман Иванов жеңіп алды.

Айта кетейік, «Бұқтырма балықшысы» фестивалінің жалпы жүлде қоры 2 млн теңге көлемінде болды.

Тегтер: F16Алғыс айту күніБұқтырма балықшысыСақтағановФестивальШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған