F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өңір таланттарын тоғыстырған «Шаңырақ»

Madina Kainarova Madina Kainarova
25.06.2026, 09:00
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында шығармашылық пен креативтің, талант пен тың идеялардың тоғысқан мерекесі өтті. Өңірдің белсенді, бастамашыл әрі өнерге жаны жақын азаматтарын бір арнаға тоғыстырған облыстық «Шаңырақ» шығармашылық байқауының қорытындылау рәсімі салтанатты жағдайда ұйымдастырылды, деп хабарлайды F16.kz сайты.

Кеш шымылдығы мерекелік көңіл күй сыйлаған жарқын концерттік бағдарламамен түрілді. Әсем ән мен әсерлі би өрнектері шараға жиналған көпшілікке ерекше рухани әсер сыйлап, шығармашылық атмосферасын айшықтай түсті.

Байқауға қатысушылар мен қонақтарды ШҚО Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы басшысының орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы Журналистер клубының, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері және Достық үйінің креативті тобы құттықтады.

Сөз сөйлеген спикерлер «Шаңырақ» байқауының шығармашылық әлеуетті шыңдап қана қоймай, мәдени әралуандылықты дәріптеуге, этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маңызды алаңға айналғанын атап өтті. Сонымен қатар заманауи креативті жобалар мен медиаконтенттің қоғамда өзара құрмет пен сенімге негізделген бірлік мәдениетін қалыптастырудағы орны ерекше екеніне тоқталды.

– Шығармашылық – адамдарды жақындастыратын, жүректерді үндестіретін ерекше күш. Осындай жобалар қоғамдағы татулық пен келісім құндылықтарын дәріптеп, жаңа идеялар мен жарқын бастамаларға жол ашады, – деді ұйымдастырушылар.

Байқау аясында ұсынылған бейнероликтер көрермендердің ерекше ықыласына бөленді. Қатысушылардың тың идеялары, жаңашыл көзқарастары мен креативті шешімдері олардың шығармашылық ізденісі мен кәсіби шеберлігін айқын көрсетті.

Қазылар алқасы үздіктерді анықтап жатқан уақытта Достық үйінің шығармашылық ұжымдары мен этномәдени бірлестіктері дайындаған вокалдық және хореографиялық қойылымдар көпшілік назарына ұсынылып, көрермендердің ыстық ықыласына ие болды.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды Қасаинова Ару Наурызбекқызы иеленді. ІІ орын Оспанова Алина Мұратқызына бұйырса, ІІІ орынды Плотникова Ирина Анатольевна мен Мацковская Елена Юрьевна өзара бөлісті.

Барлық қатысушылар арнайы сертификаттармен марапатталып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Ресми бөлімнен кейін ұйымдастырылған бейресми кездесуде қатысушылар, қазылар алқасының мүшелері мен қонақтар өзара пікір алмасып, шығармашылық тәжірибелерімен бөлісіп, болашақтағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады.

«Шаңырақ» шығармашылық байқауы тағы бір мәрте өнер мен креативтің қоғамды ұйыстыратын, адамдарды ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын қуатты күш екенін айқын аңғартты.

 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған