Бүгін — Тазару күні. Наурызнама онкүндігінің соңғы күнінде өскемендік белсенді жастар, қалалық волонтерлік фронт-офис еріктілері және “Жастар рухы” ШҚОФ белсенділері Chechek демалыс орнындағы бұлақты тазартты, деп хабарлайды F16.kz.
Жалпы, бұлақ көзін ашу- Наурыз мейрамының игі дәстүрлерінің бірі. Негізінен, Наурыз мейрамы ертеден табиғат тазалығын сақтауды мақсат етеді. Қазақтың “Бұлақ көрсең, көзін аш” деуі де осыған дәлел.




