9 тамыз күні Өскемендегі Сол жағалау саябағында Ұлы Абайдың 180 жылдығына және Абай күніне арналған «ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы ашылады, деп хабарлайды F16.kz.
Заманауи әрі креативті стильде безендірілген интерактивті алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі танымдық бағдарлама ұсынады.
Шеберлік сабақтарына қатысып, Абайдың қанатты сөздерімен безендірілген заманауи графикадағы фотоқабырға, Абай дәуірін бейнелейтін тұрмыстық элементтері бар кітап көрмесін тамашалауға болады. Сондай-ақ инста-квест, арнайы құлаққаппен тыңдайтын музыкалық аймақ және асық пен тоғызқұмалақ ұйымдастырылады, — дейді шара ұйымдастырушыларф.
«ABAI. LIVE» шығармашылық аймағы өткен күнмен мен бүгінді, сөз бен бейнені, білім мен ойынды біріктіретін рухани кеңістікке айналмақ.
Шара 9 тамыз күні 10.00-де басталады.




