Бүгін Өскеменде тағы қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды, деп хабарлайды F16.kz.
16 шілде күні сағат 20.00-ден 17 шілде сағат 20.00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға екінші дәрежелі ескертуі сақталады, — делінген экология департаментінің хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.




