Бүгін облыс орталығында тағы қолайсыз метеорологиялық жағдай жарияланды. Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды F16.kz.
10 желтоқсан сағат 20.00-ден 11 желтоқсан 20.00-ге дейін Өскемен қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланады, — делінген ақпаратта.
Қолайсыз метеожағдай – бұл тотығу, инверсия, тұман, әлсіз жел сияқты қысқа мерзімді метеофакторлардың жиынтығы.
Осындай жағдайда:
- зиянды шығарындылар таралмай, жер бетіне шоғырланады;
- ауа сапасы күрт төмендейді.




