20 қыркүйек күні Буров көшесінде тағы бір жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус жүргізушісі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған ер адамды қағып кеткен.
Жаяу жүргіншінің масаң күйде болғаны анықталды, — дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Зардап шеккен ер адам бірден ауруханаға жеткізілді.




