Өскеменде Batyr team kids спорт клубының филиалы ашылды, деп хабарлайды F16.kz.
Ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Фархат Амре және «Batyr team» спорт клубының атқарушы директоры Әділ Қайрбаев қатысты.
Қолма-қол ұрыс тәсілдерін үйрету және өзін-өзі қорғау дағдыларын дамытуға арналған секция болашақ ұрпақты спортқа баулуға мүмкіндік береді. Әрбір ниет білдірген бала осы жерде өз чемпиондық жолын бастай алады. Қолма-қол ұрыс секциясының ашылуына балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысып, оларға сыйлықтар табысталды. Олар үшін сабақтарға қатысу тегін. Балаларды жаттықтыру және даярлау жұмыстарын ШҚО ТЖД қызметкері, жекпе-жектен әлем чемпионы Ерзат Сағабанов жүргізеді, – дедеп жазды облыстық ТЖД.




