Облыс орталығының бірнеше көшесінде ерекше контейнерлер орнатылды. «Творим Добро Вместе» қоғамдық қорының бастамасымен қойылған контейтерлер арнайы киім-кешек пен азық-түлік жинауға арналған, деп хабарлайды F16.kz.
Қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсетуге арналған контейнерлер тәулік бойы жұмыс істейді.
Қазір олар «Мирный» базарында (Карбышев көшесі, 54) және «Дина» базарында (Абай даңғылы, 185 к2) орналастырылған.
Біреуі киім мен аяқ киім жинау үшін, екіншісі ұзақ сақталатын азық-түлік өнімдерін жинауға арналған. Әкімдікпен келісілгеннен кейін, қала бойынша барлық 10 жұп контейнер қойылады, — деп атап өтті қоғамдық қор өкілдері.
Еріктілердің айтуынша, жобаға «Казцинк» ЖШС, «Дина» базарының басшылығы Ринат Жайрулин мен Мади Мусин қолдау көрсеткен.




