Өскеменде көпбалалы аналар мемлекеттік марапатқа ие болды, деп хабарлайды F16.kz.
Президент Жарлығына сәйкес көпбалалы екі анаға «Алтын алқа», 13 анаға «Күміс алқа» табысталды.
«Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және ел келешегінің кемелденуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан жандарды шын жүректен құттықтаймыз», — деді қала әкімдігінің өкілдері.




