Өскеменде автобекет салу жөнінде жоспар бар. Жаңа нысанға сол жағалаудан жер қарастырылып жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәлімдеуінше, Есенберлин даңғылындағы 90-шы үйге қарама қарсы бетте автобекет, сауда-қойма кешені, қойма үй-жайлары мен тұрмыстық мақсаттағы нысандарды салуға арналған жер учаскесі бар.
«Қазір аумақты жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс учаскені одан әрі игеруге, жоспарланған құрылыс жұмыстарын іске асыруға дайындау үшін қажет», — деді бөлім мамандары.
Жаңа автобекет құрылысының жоба құжаттамасы әзірше дайын емес. Сондықтан құрылыс жұмыстарының мерзімі, нысанның құны және инфрақұрылымы жайы әлі белгісіз.




