Ертең облыс орталығында тағы ауа ластанады, деп хабарлайды F16.kz.
19 тамыз сағат 20.00-ден 20 тамыз сағат 20.00-ге дейін қалыптасқан қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жарияланады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.




