Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескерту жарияланды, деп хабарлайды F16.kz.
24 шілде сағат 20.00-ден 25 шілде сағат 20.00-ге дейін қалыптасқан қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты екінші дәрежелі ескертуі жарияланады, — делінген ШҚО бойынша экология департаментінің хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, кеше облыс орталығын тағы түтін басты. Қала тұрғындары ауа сапасына шағымданғаннан кейін экологтар арнайы тексеру жүргізді. Нәтижесінде, ауадағы зиянды заттардың рұқсат етілген шектен асу фактісі тіркелген жоқ.




