Өскеменде бағдаршамнан өтіп бара жатқан 65 жастағы ер адамды көлік қағып кеткен, деп хабарлайды F16.kz.
Жол-көлік оқиғасы сенбі күні Өтепов көшесі мен Есенберлин даңғылының қиылысында тіркелді.
Бағдаршамнан өтіп бара жатқан адамды Chevrolet Cobalt жүргізушісі бұрылып бара жатып қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан миы шайқалған ер адам бірден ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, науқасқа мидың шайқалуы диагнозы қойылған. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін облыстық мамандандырылған медициналық орталыққа жеткізілген.




