Облыс орталығында кеше түскі сағат 14:00 шамасында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлімдегендей, Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып, қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota Corolla көлігімен соқтығысқан. Салдарынан көліктердің бірі жол жиегіне шығып кеткен.
Жол-көлік оқиғасының видеожазбасы әлеуметтік желіде бірден тарала бастады.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға байланысты шаралар қабылданып, себепкер жауапқы тартылды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желі қолданушылары кейбір жүргізушілер аталмыш жол учаскесінде көлікті тым қатты жылдамдықпен жүргізетінін жарыса жазып жатыр.




