22 қазан күні кешке Өскемендегі бірқатар орталық көшеде жарық өшіп қалды. Біріккен энергосервистік компания өкілдері мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды F16.kz.
«БЭСК» АҚ ақпараты бойынша, 22 қазан күні сағат 21:44-те ПС-25 қосалқы станциясында ақау туындаған. Соның салдарынан электр қуаты өшіп, Октябрь ауданындағы, Әуезов даңғылындағы және Қазақстан көшесіндегі бірқатар тұтынушы жарықсыз қалған.
Ақау шыққан станцияға жедел-көшпелі бригада жіберілді.




