F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскемендегі тарихи сәт: Шығыс жұрты Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті

F16 F16
22.03.2026, 16:12
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Бүгін, 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Өскеменнің орталық алаңында 5201 адам бірдей домбырамен «Ақбұлақ» әнін шырқады. Бұл оқиға рекордтар кітабына ресми тіркелді, деп хабарлайды F16.kz.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

БІР МЕЗЕТТЕ 5201 АДАМ «АҚБҰЛАҚ» ӘНІН ШЫРҚАП, РЕКОРД ЖАЗДЫ 

Таң бозынан қолына домбыра ұстап, үстіне ұлттық киім киген жұртшылық Республика алаңына қарай ағылды. Олардың ішінде мектеп оқушылары мен студент жастардан бөлек, аға буын өкілдері де болды. Бәрінің тілегі бір, мақсаты айқын – сүйікті қаласы Өскеменнің атын әлемдік рекордтар кітабына жазу. Алқалаған қауымның ортасынан аймақ басшысы да төбе көрсетті. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов домбырасын күмбірлетіп, Бәкір Тәжібаевтың «Ақбұлақ» әнін нақышына келтіре шырқады. Бұл рәсімді GBR дүниежүзілік рекордтар кітабының өкілдері арнайы бейнетаспаға жазып, тиісті шешім шығару үшін орталыққа жіберді. Құжатқа екі куәгер қол қойып, мөр басылды. Арада көп уақыт өткен жоқ, алыстан ақжолтай хабар жетті. Өскемендіктер «Ақбұлақ» әнімен әлемдік рекорд жазды.

Дүниежүзілік әлемдік рекорд Өскемен қаласында орнатылды! Бүгін барлық дерекке штрих-код пен цифрлық нөмірлеу беріледі. Ертеңнен бастап ресми сайтқа рекорд туралы мәлімет енгізіледі. Бұл бастаманың таныстырылымы Стамбул (Түркия – ред.) қаласында өтеді. Барлық қатысушының аты-жөні кітапқа енгізіледі. Ал қазір сертификат пен мүсіншені тапсыру үшін осы шараға қатысқан облыс әкімі Нұрымбет Аманұлын ортаға шақырамыз,  – деді рекордтар кітабының өкілі.

Аймақ басшысына әлемдік рекордты растайтын сертификат салтанатты түрде табысталды.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, алаңда шырқалған ән жиналған жұрттың бәріне ерекше әсер етті. Әуені де, сөзі де көрермен көңілін толқытып, көпшіліктің көңіл күйін бір арнаға тоғыстырды. Бұл сәт халықтың бірлігі мен рухани жаңғыруын білдіретін әсерлі көрініске айналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, домбырамен жаппай ән салу ұлттық өнерді жаңа қырынан танытуға, насихаттауға көмектеседі. Бұл бастама еліміздің мәдени мүмкіндігін кеңінен көрсетіп, оны шетелге танытуға жол ашады.

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әз-Наурыз — береке мен бірліктің, ырыс пен ынтымақтың бастауы, жақсылықтың жаршысы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен төл мерекеміз жаңа мазмұнда, жаңа сипатта тойланып келеді. Әр шаңыраққа құт-береке, шаттық пен қуаныш тілеймін. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!, — деді облыс әкімі.

АСЫҚ АТЫП, ЛӘҢГІ ОЙНАДЫ

Шығыстың бас шаһарында рекордпен басталған ұлыс мейрамы мерекелік концерт пен ұлттық ойындарға ұласты. Орталық алаңда оншақты ақшаңқан киіз үй тігілді. Киіз үйдің іші қазақтың салт-дәстүріне сай жабдықталып, ою-өрнекпен безендірілген. Сандық, кебеже, асадал, жүкаяқ, келі-келісап, ағаш үстел сияқты тұрмыстық заттар қойылған. Ісмер қолдан шыққан оюлы түскиіз, алаша мен кілем, көрпе-жастық көзге бірден түседі. Тойға келген қонақтар әр киіз үйге бас сұғып, ұлт мұрасының тұнығынан сусындады.

Театрландырылған көрініс, Қыдыр атаның ақ батасы, ақ жаулықты әжелердің шашуы, қыз-жігіттердің биі бәрі де көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, думан көрігін қыздыра түсті. Алыстан ат арытып келіп қалған «Алашұлы» тобының, Bayansulu және Гүлнұр Салбанова сынды танымал әншілердің өнеріне қол соғып, қошемет көрсетпеген адам болмады. Орталық алаңда ине шаншыр орын жоқ.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Қырғыз елінің Ош қаласынан аттай қалап алдыртқан өнерлі отбасының қойылымы тіпті әсерлі шықты. Көрермен цирк өнерінің сирек кездесетін түріне куә болып, ерекше әсерге бөленді. Әсіресе, бала-шаға мәз, әрбір көрсетілімді қызыға тамашалады. Зау биікте керілген арқанмен ары-бері жүріп қана қоймай, жүгіріп, би билеп, неше түрлі күрделі қимыл жасаған цирк шеберлері көпшілікті таңғалдырды. Олар кей сәтте тепе-теңдікті сақтай отырып, түрлі акробатикалық элементтер орындап, өздерінің жоғары шеберлігін дәлелдеді. Әр қимылы дәлдік пен батылдықты талап ететін бұл өнер көрерменнің жүрегін толқытып, демін ішке тартқызды.

Өнерпаздардың шеберлігі тек физикалық дайындықпен шектелмей, үлкен тәжірибе мен үздіксіз жаттығудың нәтижесі екені анық байқалды. Арқан үстінде еркін қозғалып, тіпті күлімсіреп өнер көрсету – олардың бұл кәсіпке бала кезден бейімделгенін аңғартады.

Көрсетілім барысында көрермендер әр нөмірді зор ықыласпен қабылдап, зор қошемет көрсетті. Мұндай ерекше өнер түрі көпшілікке ұмытылмас сәт сыйлап, цирк өнеріне деген қызығушылықты арттыра түсті.

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар орталық алаңда арқан тарту, гір көтеру, асық ату, ләңгі, қол күрес, ағашқа өрмелеу, алыптар сайысы сияқты спорттық шаралар қатар өтіп жатты. Жастармен қатар аға буын өкілдері де бұл сайыстарға қатысып, жүлдеге таласты. Қол күрестіріп, гір көтермесе де асық ату, ләңгі ойнаудан үлкендер жағы алдына жан салмады. Бұрынғы әдет пен қабілет адам бойында бәрібір сақталады екен ғой. Ортаға шығып, ләңгіні бір-екі тепкеннен кейін-ақ алпысты алқымдаған азаматтардың бала күнгі машығы оянып, түлеп сала берді.

Бұл ойын менің балалық шағымды еске салды. Мамыражай ауыл, мал келетін кешқұрым шақ. Ауыл сыртында топтасқан бала ләңгі ойнап, мәре-сәре болушы едік. Осының бәрі көз алдыма келді. Шіркін, уақыт деген зымырап өтіпті ғой. Жастардың ойынын көргенде қарап тұра алмадым. Делебем қозып, арқаланып кеттім де топқа түстім. Алпыстағы бізге қимылдау қиын болар деп жүрексіне шыққан едім, жоқ, машығым әлі де жоғалмапты. Жастармен бірдей ойнадым. Жүлдегер атанбасам да жастық шаққа оралып, бір жасап қалдым, – деді Өскемен тұрғыны Жанболат Еңсебайұлы.

Бұл күні Өскеменнің бірнеше ауданында Наурыз мерекесі өтіп жатты. Атап айтқанда Согра шағын ауданында, Металлургтер мәдениет үйінің алдында Ұлыстың ұлы күні тойланды.

Тегтер: F16
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған