Жақсылықтың жаршысы болған әз-Наурыз биыл Шығыстың бас шаһарында кең көлемде аталып өтті. Орталық алаңда құрылған ақшаңқан киіз үйлер мен әсем безендірілген сахна маңында таңертеңнен Наурыз тойын тойлауға келген жұртшылықтың қарасы қалың болды, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлттық нақыштағы шаралар кешке де жалғасын тапқан. Әуезді ән мен мың бұрала билеген бишілер көпшіліктің көңілін көтеріп, кештің көркін аша түсті.
Таңертең жұртшылық тарихи сәтке куә болса, кешке жергілікті өнерпаздар мен Қазақстан эстрада жұлдыздардың өнері тамашалады.
Ұлыстың ұлы күнінде шаһар тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтау үшін «Алашұлы», «Меховая 8/1» топтары және әнші Жұбаныш Жексенұлы келген.
Шығыстың төрінде өткен мереке соңы отшашуға ұласып, мерекелік көңіл күйді еселеді.




