Бүгін өскемендіктер фристайлдан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшелерін қарсы алды, деп хабарлайды F16.kz.
Команда көшбасшылары Павел Колмаков пен Анастасия Городко Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарынан елге оралды.
Анастасия Городко әйелдер құрамасы арасында ең үздік нәтиже көрсетіп, параллельді могулдың қорытынды хаттамасында 8-ші орынға тұрақтады. Спортшы іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, ширек финалға дейін жетті.
Павел Колмаков үшін бұл — мансабындағы төртінші Олимпиада. Ол параллельді могулда жоғары тұрақтылық танытып, 9-шы нәтижені тіркеді. Жекелей сында атлет әлемнің ең үздік 16 фристайлшысының қатарына енді.
Жақын арада спортшылар оңалту кезеңінен өтіп, содан кейін Әлем кубогының қорытынды кезеңдеріне дайындыққа кіріседі.




