Өзбекстан астанасы Ташкентте армрестлингтен әлем чемпионаты өтті. Әлемнің әр түкпірінен келген үздік спортшылар бақ сынаған жарыста Шемонаиха ауданының өкілдері бірнеше жүлде олжалап, ел намысын абыроймен қорғады, деп хабарлайды F16.kz.
2008–2010 жылы туған спортшылар арасында болған бәсекеде шемонаихалық Евгений Алёшин оң қолмен күресте әлем чемпионы атанып, сол қолмен күресте күміс жүлдеге ие болды. Ал Дмитрий Корнилов сол қолмен күресте әлем біріншілігінің күміс жүлдесін иеленді.




