Ел аумағында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Осыған орай Өскеменде де полиция қызметкерлері пәтерлер мен аулаларды тексере бастайды, деп хабарлайды F16.kz.
Шараның басты мақсаты – учаскелік инспекторлардың халықпен өзара іс-қимылын нығайту.
Тұрғын үй секторларын тексеріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін “Учаске” профилактикалық шарасы басталды. Бұл кезеңде қару иелері мен пробациялық қызметте есепте тұрғандар да бақылауға алынады, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.




