F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Президент Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады

F16 F16
12.08.2025, 15:43
Жаңалықтар
Фото: Ақорда/шарты

Фото: Ақорда/шарты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады, деп хабарлайды F16.kz.

Президент ел жастарының барлық салада белсенді еңбек етіп, маңызды бастамаларға мұрындық болып жүргенін атап өтті.

Сіздер барлық салада белсенді түрде еңбек етіп жатсыздар. Волонтер ретінде мұқтаж жандарға көмек беріп жүрсіздер. Маңызды бастамаларға, экологиялық іс-шараларға атсалысып, қолдау көрсетіп келесіздер. Спорт, білім сайыстарында топ жарып, елдің абыройын көтеріп жүрсіздер. Осылайша, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құруға нақты үлес қосып жатсыздар. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Жастар форумы өтіп жатқан Павлодар облысы ұлт руханиятын байытуға өлшеусіз еңбек сіңірген көрнекті тұлғалар шыққан киелі өңір екенін айтты. Аймақ тұрғындары өндіріс, шаруашылық және басқа да салада адал еңбек етіп, елімізді көркейтуге атсаласып келеді.

Жастарымыз олардан үлгі-өнеге алып, облысты одан әрі дамытып, жаңа мақсаттарға жету үшін қызмет етуі керек. Еңбекқорлық пен білімпаздық, жанашырлық пен жауапкершілік – ең асыл қасиеттер. Биыл – Қазақстанда Жұмысшы мамандықтары жылы. Осыған орай, біз ауқымды шараларды қолға алдық. Елімізде еңбек адамына әрдайым ерекше құрмет көрсетілуі керек. Мұны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру маңызды, себебі, еңбек – әрбір адамның өмірінің тұғыры, қозғаушы күші. Еңбексіз ешқандай даму, өркендеу болмайды. Бұл бастаманың мән-маңызы да осында, – деді Президент.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев озық ойлы жастардың қоғам өміріне белсене араласуы, білімпаздығы, еңбек етуге және өзін-өзі дамытуға құштарлығы ерекше қуантатынын атап өтті.  Отанымыздың тағдыры белгілі бір дәрежеде жас буынның күш-қуатына, ой-пікіріне, білім-білігіне, табандылығы мен патриоттық қасиеттеріне байланысты екенін жеткізді.

Бүгінгі таңда мемлекет өскелең ұрпаққа тиісті жағдай жасап отыр. Қазақстанда білім алу және еңбекпен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге, таланттарды шыңдауға, жеңілдікпен баспана сатып алуға, сондай-ақ жастар кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған көптеген бағдарлама әзірленіп, іске қосылуда. Бұл игіліктерді 600 мыңнан аса жас көріп отыр. Сондай-ақ олар арнаулы квота арқылы Мәжіліс пен мәслихат қызметіне белсенді атсалысуға мүмкіндік алды. Президенттік жастар кадр резерві мүшелері де іскерлік қырымен танылып, жоғары лауазымдарға тағайындалып жатыр. Ауыл мен аудан әкімдерін тікелей сайлау тәсілі көптеген жастың жергілікті атқарушы билік жүйесіне қызметке келуіне жол ашты. Дүние жүзінде жастарға арналған мұндай мазмұнды бағдарламалар көп емес. Мемлекет стратегиялық маңызы бар бұл саясатты болашақта та жалғастыра береді.

Елімізге жауапкершіліктен қашпайтын, аянбай еңбек ететін әрі өзін ұдайы жетілдіріп отыратын жаңашыл жастар қажет. Хакім Абай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп бекер айтпаған. Ұлы ойшылдың бұл өсиеті бүгін де – өзекті. Қазақстан жастары – көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр, жасампаз азаматтар. Еліміздің жарқын болашағы – өскелең ұрпақтың қолында. Мен Сіздерге сенемін! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін! Жолдарыңыз ашық болсын! Жастарымыз әрқашан бақытты және табысты болсын! – деді Мемлекет басшысы.

Тегтер: TopЖастар форумыПавлодарПрезидент
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған