Қолайсыз ауа райы, бұрқасын жел, көктайғаққа байланысты жолдарға енгізілген шектеу алына бастады, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сағат 10.00-ден бастап республикалық маңызы бар екі жол учаскесі ашылады:
- Белоусовкадан Риддерге дейін;
- Герасимовкадан Абай облысының шекарасына дейін.
Сонымен қатар, 08:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының (1013–1068 шақырым, Абай облысының шекарасы – Қасым Қайсенов ауылы бұрылысы) учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.




