Риддерде спорт шебері Владимир Назаровты еске алуға арналған дәстүрлі Рождество шаңғы жарысы өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Дүбірлі бәсекеге еліміздің әр өңірінен және Шығыс Қазақстан облысынан жиналған 280-нен астам шаңғышы қатысты. Жарыс жолына шыққандар қатарында мектеп жасындағы оқушылардан бастап тәжірибелі әуесқой спортшыларға дейін болды. Олар жас санатына қарай топ-топқа бөлініп, сайысқа түсті. Жас спортшылар 1 км қашықтықты еңсерсе, үлкендер 7,5 км қашықтықта кім мықтыны анықтады.
Рождество шаңғы жарысы – бұқаралық спорттың дамуына серпін берумен қатар халықтың салауатты өмірге деген құлшынысын оятуға, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруға ықпал ететін дәстүрлі мереке.




