Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының комиссия директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды F16.kz.
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) ресми түрде Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайды Жаңа технологиялар және жоғары жетістіктер жөніндегі комиссияның директоры етіп тағайындағанын мәлім етті.
Айта кетейік, аталған комиссия заманауи технологияларды енгізу және оларды этикалық тұрғыда қолдану мәселелерімен айналысады. Оның мақсаты – спортшылардың мүддесін қорғау, әлемдік дзюдо қауымдастығының дамуына үлес қосу және спорттық нәтижелерді арттыру.
Сонымен қатар, комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік дамудың жаһандық құралы ретінде ілгерілетуге ықпал етеді.
Руслан Желдібай биылғы ақпан айынан бері Қазақст Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.




