F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Самар ауданында бірнеше әлеуметтік нысан ашылады

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
23.12.2025, 09:06
Әлеумет, Біздің медицина, Жаңалықтар
Фото: Самар ауданы әкімдігі

Фото: Самар ауданы әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында жергілікті тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік дамуына серпін беретін бұл жобалар облыс басшылығының тікелей тапсырмасымен қолға алынды, деп хабарлайды F16.kz.

Аудан әкімі Серік Жеңісұлы Миролюбовка ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің және Жұмба ауылында іргесі қаланған спорт модулінің құрылысымен танысып, атқарылған жұмыстарды тексерді. Өңір басшылығының қолдауымен бой көтеріп жатқан нысандардың құрылысы аяқталуға жақын, мердігерлер қорытынды жұмыстарға кірісіпті.

Фото: Самар ауданы әкімдігі

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов есептік кездесулерде шалғай елді мекендерді дамытуға ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар берген болатын. Миролюбовка мен Жұмбадағы бұл нысандар – сол тапсырмалардың жүйелі түрде орындалып, нақты іске асырылғанын көрсетеді.

Аудан әкімі Серік Жеңісұлы өз сөзінде Жұмба ауылы үшін спорт модулінің маңызын атап өтті.

Жұмба ауылында соңғы 40 жылдан астам уақыт бойы бірде-бір жаңа әлеуметтік нысандар салынбаған. Енді ауыл балалары мен жастарының спортпен айналысуына барлық жағдай жасалады. Спорт модулі заманауи талаптарға сай жабдықталған, ішінде киім ауыстыратын бөлмелер, жуынатын кабиналар және қажетті спорт құрал-жабдықтары бар. Қазір нысанды электр желісіне және жылу жүйесіне қосу жұмысы жүргізіліп жатыр, – деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар Миролюбовка ауылында жергілікті жұрт көптен күткен фельдшерлік-акушерлік пункт жақын арада пайдалануға берілмек. Бұл ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш. Жаңа медицина мекемесі іске қосылған соң, тұрғындар көмекті аудан орталығына бармай-ақ ауылда ала алады. Бұл әсіресе егде жастағы адамдар мен жас аналар үшін өте қолайлы.

Фото: Самар ауданы әкімдігі

Айта кету керек, биыл Самар ауданында ауқымды жұмыстар атқарылып, бұрыннан шешімін таппай жүрген күрделі мәселелердің түйіні тарқатылды. Бүгінде ол жобалар кезең-кезеңімен іске асып, ел игілігіне беріле бастады.

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы мұндай қадамдар аудан халқының өмір сүру сапасын арттырып, жайлы орта қалыптастырады.

Самар ауданы туристік аймақ болғандықтан, жаз мезгілінде өңірге келушілер саны айтарлықтай артады. Осыған байланысты Миролюбовка ауылында ашылатын фельдшерлік-акушерлік пункт тек жергілікті тұрғындар үшін емес, демалушыларға да тиімді болмақ. Туристерге қажет болған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету мүмкіндігі туады.

Жалпы, жаңа медициналық пункт пен спорт нысанының іске қосылуы Самар ауданындағы ауылдардың әлеуметтік дамуына серпін беріп, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді.

Тегтер: F16Ауыл медицинасыӘлеуметҚұрылысСамар ауданыСпортШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

17.10.2026, 12:17
Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

17.10.2026, 12:17

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған