Қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысының борышкерді іздестіру туралы қаулысы келіп түскен. Белгілі болғандай, 2025 жылдың наурыз айынан бастап әйел адам қала тұрғыны алдындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарып келген, деп хабарлайды F16.kz.
Жалпы қарыз сомасы 4 миллион теңгеден асқан.
Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында көші 61 жастағы борышкер ұсталды. Қазіргі уақытта материалдар қарызды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін сот орындаушыларына жолданды, — дейді облыстық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде іздеуде жүрген 35-тен астам борышкер қолға түскен.




