Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдумға орай өңір жұртшылығына үндеу жасады, деп хабарлайды F16.kz.
Алдымызда ел болашағына тікелей әсер ететін маңызды кезең тұр. Жаңа Ата заң жобасында «Әділетті Қазақстан» құндылығы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, Отанымыздың демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ұғымдары айқын көрініс тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, біз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаймыз, — деді ол.
Аймақ басшысы облыс тұрғындарын референдумға қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырды.




