Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының белсенділері «Эмиль балмұздақ фабрикасы» ЖШС-ның жұмысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл шешім елдің тұрақты өсуі мен инновациялық дамуын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын білікті мамандарды дамытудың маңыздылығын көрсетеді.
Осыған орай Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының белсенділері, атап айтқанда ШҚО «Ассамблея жастары» және этномәдени бірлестіктердің мүшелері ерекше экскурсия жасады.
Олар «Эмиль балмұздақ фабрикасы» ЖШС-ның жұмыс барысымен танысып, еңбек адамының қадірін терең сезінді.
Мұндағы өндірістік үрдіс қана емес, ұжымдағы ауызбіршілік пен еңбектегі тәртіп те біз үшін үлкен әсер қалдырды. Осындай тәжірибелерді көзбен көріп, жақын танысу — болашақ мамандық таңдауда маңызды қадам болмақ, — дейді экскурсияға қатысушылар.




