ШҚО-да «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Тәртіп сақшылары табиғатты қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп рейд өткізіп, браконьерлермен күресті күшейтді, деп хабарлайды F16.kz.
Жедел-профилактикалық іс-шараның мақсаты — жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, заңсыз аңға, балық аулауға шыққан және ағаш кесудің жолын кесу.
Полиция қызметкерлері табиғатты қорғау органдарының өкілдерімен бірлесіп рейд жүргізіп, орман мен су айдындарында бақылауды күшейтеді. Көлік құралдарын да тексереді, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау және пайдалану мен жер қойнауын пайдалануда қоршаған ортаға зиян келтірілген фактілер де анықталады.
Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті азаматтарды табиғатты аялауға және браконьерлік фактілері туралы бірден 102 нөміріне хабарлауға шақырады.




