Ертең ШҚО-ның кей аймақтарында қар аралас жаңбыр жауып, күн суытады, деп хабарлайды F16.kz.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сүйенсек, 12 қыркүйек күні түнде облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде қатты жауын-шашын болса, шығысында қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал.
Кей аудандарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін.




