F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да халық саны азайып келеді: себебі не, шешімі қандай?

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
04.02.2026, 14:02
Басты, Жаңалықтар
ШҚО-да халық саны азайып келеді: себебі не, шешімі қандай?

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстаннан өзге өңірлерге қоныс аударатындар саны азаймай тұр. Кейінгі бес жылда облыста халық саны жыл сайын орта есеппен 2-3 мың адамға кеміген, деп хабарлайды F16.kz.

Көші-қон осы қарқынмен жалғаса берсе 2030 жылға қарай өңір тұрғындарының саны 26 мың адамға азаюы мүмкін. Бұл туралы облыс мәслихатының кезекті отырысында айтылды. Аймақ басшысы мәселенің негізгі себептері мен шешу жолына тоқталды.

Облыстағы солтүстік және оңтүстік аудандардың дамуы бірдей емес, Инфрақұрылымда және экономикалық құрылымдарда айырмашылық бар. Ол жалпы өңірдің біртұтас, үйлесімді дамуын тежейді. Шекаралық аудандарда (Марқакөл, Тарбағатай, Зайсан аудандары – ред.) халықтың азаюы кадр тапшылығына, статегиялық маңызды аумақтардың әлсіреуіне әкеледі, — деді ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Жиын барысында өңірдің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы назарға алынып, бірқатар міндет қойылды.

Аймақ басшысы кері демографиялық үрдісті болдырмай, халыққа және экономикаға жаңа мүмкіндіктер туғызып, тұрақты әрі сапалы өсімді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Стратегияда басты назар қалалар мен шекара маңындағы ауылдарды дамытуға аударылған.

Өскемен – халық санын 500 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндігі бар хаб-қала және еліміздің Шығыс макроөңірінің орталығы болады деп жоспарланып отыр. Ол үшін тұрғын үйлер салып, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын жетілдіру, әуе қатынасын кеңейту және ірі қалалармен, көршілес мемлекеттермен теміржол қатынасын дамыту көзделген. Мәселен, Зайсан ауданында халық санын екі есе арттыруға, яғни 70 мыңға жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл өңір туризмді дамыту, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы шекара маңы саясатының тірек нүктесіне айналады, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Стратегияда қамтылған негізгі тоғыз бағыттың бірі – ауыл шаруашылығын дамыту. Оның ішінде осы уақытқа дейін басымдық берілген ет пен сүт өндірісінің көлемін ұлғайтып, балық, ара және марал шаруашылығын қолға алу жоспарланған.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – көші-қонды реттеудің бірден-бір жолы. Осы орайда құрылыс саласы да негізгі бағыттар қатарына кірген.

Алдағы 5 жылда толық инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл өңір халқының санын арттыруға, құрылыс пен коммуналдық саланың дамуына серпін береді. Ең бастысы, бұл тұрғын үйлер табыс деңгейі жоғары емес азаматтарға қолжетімді болуы қажет, — деп атап өтті өңір басшысы.

Ал, орта мерзімді перспективада ауыл халқын жұмыспен қамту, туристік секторды дамыту және логистика жолға қойылған.

Марқакөл мен Зайсанда экотуризм мен ойын-сауық аймақтары, Риддер мен Алтайда тау және экстремалды туризм, Катонқарағайда сауықтыру туризмін дамыту жоспарда бар. Ауыл тұрғындарын табысты экономикалық салаға тарту олардың қалаларға көшуін тежейді, — деді облыс әкімі.

Сонымен қатар бұған дейін айтылып келген Риддерді Ресей арқылы Моңғолиямен байланыстыратын жол салу, Шанағатыдан Қытай Халық Республикасына жол ашу, Зайсан көлі жағасындағы Тұғыл ауылына дейін өзен қатынасын дамыту және Тұғылдан Майқапшағайға дейін теміржол тарту да өңірдің даму стратегиясына кірген.

Тегтер: 2030даму стратегиясыШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23
Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38
ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00
Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуға тиіс - Аида Балаева

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жас ұстаз Жалғас Болатханұлы шекара түбіндегі ауыл мектебін неге таңдады?

27.04.2026, 18:23

Айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылды – Өскемен

27.04.2026, 17:38

ШҚО-да қан тапсырғандарға берілетін төлемақы мөлшері артты

27.04.2026, 17:00

Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз болуға тиіс — Аида Балаева

27.04.2026, 16:23

Шымкент халқы Шығысты таңдап отыр: биыл оңтүстіктен 200 адам көшіп келуге ниетті

27.04.2026, 16:00

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайларын жаңа маусымға дайындап жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған