Бүгін әлеуметтік желіде Ертіс көпірінің алқымындағы айналма жолдың ортасынан ер адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлім етті.
Тергеу және жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр, нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қайтыс болған адамның жеке басы, сондай-ақ өлімнің себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, — делінген департамент хабарламасында.
Полиция азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми әрі шынайы ақпаратқа сенуге шақырады.




