Алдағы күндері ШҚО-да қар жауып, күн күрт суытады, деп хабарлайды F16.kz.
4 қараша күні облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы мүмкін.
5 қараша күні қалың қар жауып, кей өңірлерде боран соғады. Ауа температурасы күндіз -5 градусқа дейін, түнде -13 градусқа дейін төмендейді, — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.




