F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
14.08.2026, 09:55
Жаңалықтар
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

«Әділет» партиясының өкілдері Өскемен қаласы мен Үлкен Нарын ауданында бірқатар кездесу өткізді. Қалалық сайлауалды штаб мүшелері облыстық Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарын таныстырды. Жиында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік әділеттілікті нығайту мәселелері талқыланды. Өскемен қалалық штабының төрағасы Ринад Ахметжанов тұрғындардың пікірін тыңдау мен ұсыныстарын ескерудің маңызына тоқталды. Бұдан бөлек, облыстық штаб басшысы, Құрылтай депутаттығына кандидат Жанат Мекеева Үлкен Нарын ауданында кәсіпкерлермен жүздесті. Көшпелі қоғамдық қабылдауда жұмыспен қамту, жастарды қолдау, денсаулық сақтау және білім салаларына қатысты сауалдар көтерілді. Кандидат жиналғандарға ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған бастамаларды түсіндірді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының белсенділері қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында үгіт жұмыстарын жүргізді. Арнайы орындарға сайлауалды мазмұндағы материалдар орналастырылды. Азаматтарға бағдарламаның негізгі бағыттары қамтылған ақпараттық парақшалар таратылды. Саяси ұйым өкілдері жұртшылықты өз ұстанымдары мен бастамаларынан хабардар етті. Олар сайлаушыларға тұғырнаманың жекелеген тармақтарын түсіндірді. Тұрғындар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Үгіт жұмысы азаматтармен тікелей байланыс орнатуға бағытталды.

«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері сайлауалды жұмыстарын «Есіктен есікке» акциясы аясында жалғастырды. Олар тұрғындармен жүздесіп, бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндірді. Қалаішілік автобустарда жолаушыларға ақпараттық материалдар таратылды. Бұдан бөлек, «Таза Өскемен» қызметкерлерімен кездесу өтті. Жиында қаланың экологиялық ахуалы, қоршаған ортаны қорғау және ауа сапасын жақсарту мәселелері талқыланды. Қатысушылар атмосфераның ластануын төмендетуге қатысты пікірлерін білдірді. Мекеме мамандары өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдары жөніндегі ұсыныстарын ортаға салды.

Қазақстан Халық партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабы облыстық оңалту орталығының қызметкерлерімен кездесті. Жиынға мекеме мамандары мен саяси ұйым өкілдері қатысты. Ұжымға сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары таныстырылды. Штаб мүшелері әлеуметтік қолдауға қатысты бастамаларды түсіндірді. Қатысушылар оңалту қызметтерін дамытуға байланысты пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында қызметкерлердің сауалдарына жауап берілді. Тараптар көтерілген мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасты.

«Ауыл» партиясының белсенділері қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында үгіт материалдарын таратты. Ақпараттық парақшалар арқылы тұрғындарға сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыттары таныстырылды. Саяси ұйым өкілдері азаматтарға өз бастамалары жөнінде түсінік берді. Жұмыс барысында сайлаушылармен тікелей байланыс орнатылды. Бұдан бөлек, Құрылтай депутаттығына кандидаттар садақ атудан өткен шеберлік сабағына қатысты. Олар ұлттық спорттың ерекшеліктерімен танысып, мергендік өнерден тәжірибе жинады. Шара бейресми жағдайда пікір алмасуға мүмкіндік берді.

«Ақ жол» партиясының белсенділері қоғамдық орындар мен сауда орталықтарында үгіт жұмыстарын жалғастырды. Арнайы орындарға ақпараттық материалдар орналастырылды. Тұрғындарға сайлауалды бағдарламаның мазмұны қамтылған парақшалар таратылды. Саяси ұйым өкілдері азаматтарды негізгі ұстанымдарымен таныстырды. Жұртшылыққа ұсынылған бастамалардың мәні түсіндірілді. Сайлаушылар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікірлерін білдірді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы бірнеше нүктеде жүргізілді.

«Respublica» партиясының мүшелері Өскемендегі сауда-өндірістік компания ұжымымен кездесті. Кәсіпорын өсімдік майын өндірумен және күнбағыс тұқымын өңдеумен айналысады. Қызметкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Жиында отандық өндірісті дамыту мен кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, өңір экономикасын нығайту және еңбек адамдарына қолайлы жағдай жасау жолдары қарастырылды. Ашық диалог барысында ұжым өкілдері өздерін толғандырған сауалдарын қойды. Қатысушылар ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі артып келеді

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55
Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11
Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17
Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да 95 мемлекеттік қызметшінің еңбек құқығы қорғалды

15.09.2026, 12:55

Полиция қызметкері отқа оранған үйден баланы аман алып шықты — ШҚО

15.09.2026, 10:11

Президент Hanwha Group компаниясына Қазақстанда бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

15.09.2026, 09:17

ЖОО-ға түсіруге уәде берген: Өскемен тұрғыны 3 миллион теңгесінен қағылды

14.09.2026, 17:18

Туризм күні: ШҚО-да туристік саланың үздіктері анықталады

14.09.2026, 15:44

Ауыл балаларының сапалы білім алуына жағдай жасалып жатыр — Күршім

14.09.2026, 14:44

ШҚО-да 5 лауазымды тұлға мен 2 басшы жауапқа тартылды

14.09.2026, 11:00

Ұлан ауданында жаңа сквер ашылды

14.09.2026, 10:05

Өскемендік «Алтай» сырт алаңда «Ұлытаудан» басым түсті

14.09.2026, 09:19

ШҚО әкімі Күршім ауданындағы спорт нысандарының жұмысымен танысты

11.09.2026, 16:52

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған