Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндері қалды. Балалардың қауіпсіздігі үшін тәртіп сақшылары юүлдіршіндерді тасымалдайтын мектеп автобустарына кешенді тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Атап айқанда, қауіпсіздік белдіктерінің бар-жоғына, есіктер мен терезелердің дұрыстығына, «жолаушы-жүргізуші» байланыс құрылғыларының жарамдылығына, алғашқы медициналық көмек қобдишалары мен өрт сөндіргіштердің толық болуына баса назар аударылды.
Айта кетейік, өңір бойынша барлығы 127 мектеп автобусы тексеріліп, олардың көмегімен күн сайын 4500-ден астам оқушы білім ордаларына жеткізіледі.




