F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да құқық қорғау органының 10 қызметкеріне баспана кілті табысталды

Madina Kainarova Madina Kainarova
23.06.2026, 13:00
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

23 маусым – Қазақстан Полициясы күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінде салтанатты жиын өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысып, құқық қорғау органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды F16.kz сайты. 

Өңір басшысы өз сөзінде полиция қызметінің қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталып, азаматтардың қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі тәртіп сақшыларының еңбегін жоғары бағалады.

– Қоғам тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында полиция қызметі әрқашан ең жауапты да абыройлы қызмет болып қала береді. Ол жоғары кәсібилікті, батылдық пен қайсарлықты ғана емес, заңға, әділдік пен өз халқына деген шексіз адалдықты талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айқындап берген «Заң мен тәртіп» қағидатын берік орнатуда әрқайсыларыңыздың орындарыңыз ерекше. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, таусылмас қуат пен қажымас қайрат тілеймін. Отанға қызмет ету жолындағы абырой-жетістіктеріңіз арта берсін! Мереке құтты болсын! – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Салтанатты шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген полиция қызметкерлері марапатталды. Сонымен қатар құқық қорғау органының 10 қызметкеріне жаңа баспананың кілті табысталды.

Полиция күні қарсаңында облыс әкімі Полиция департаментіне арнайы барып, Жедел басқару орталығының жұмысымен танысқан болатын. Онда өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдер мен технологиялардың мүмкіндіктері көрсетілді.

Соңғы жылдары Шығыс Қазақстан облысында қоғамдық қауіпсіздік жүйесін цифрландыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда өңірде 58 мыңнан астам бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның ішінде 22 мыңнан астам камера ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне біріктірілген. Жыл басынан бері бейнебақылау құралдарының көмегімен 80 қылмыс ашылып, 9,6 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде жасанды интеллект технологияларының рөлі де артып келеді. Бүгінде облыс орталығында мыңнан астам аналитикалық модуль жұмыс істейді. Олар адамның бет-бейнесін автоматты түрде тануға, көлік құралдарын сәйкестендіруге, жол қозғалысы жағдайын талдауға, адамдар көп шоғырланған орындарды бақылауға және ықтимал қауіп-қатерлерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

Жедел басқару орталығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға арналған заманауи цифрлық құралдар да таныстырылды. Олардың қатарында «Кибер-Шериф» мобильді кешендері, жол қозғалысы ережелерін бұзуды автоматты түрде тіркейтін жүйелер және іздеуде жүрген көліктерді нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық шешімдер бар.

Сонымен қатар облыс әкіміне төтенше және қауіпті жағдайларда қолданылатын арнайы техника көрсетілді. Атап айтқанда, робот-сапер, жаңа буындағы роботтандырылған мобильді платформа және ұшқышсыз ұшу аппараттарының мүмкіндіктері таныстырылды.

Осылайша өңірде құқық қорғау саласын цифрландыру мен материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстары қатар жүргізіліп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімділігі артып келеді.

Тегтер: F16
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған