Шығыс Қазақстан облысында тағы 5 ауыл таратылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды F16.kz.
Атап айтқанда, Алтай ауданынындағы Соловьёв ауылдық округіне қарасты Ленинск ауылы, Малеев ауылдық округіне қарасты Ландман ауылы, Парыгин ауылдық округіне қарасты Кутиха ауылы және Шемонаиха ауданында Заречное және Рулиха ауылдарын тарату туралы шешім қабылданды.
Бүгінде Ленинск ауылында 50 адам тұрса, 2021 жылғы санақ бойынша Ландман елді мекенінде 45 тұрғын болған.
Алдағы уақытта Ленинск Подорлёнок ауылының, Ландман Малеевск ауылының, ал Кутиха Парыгино ауылының құрамына енгізіледі.
Ал, Шемонаиха ауданы бойынша Заречное ауылы Усть-Таловка кентінің құрамына, Рулиха станциясы Каменев ауылдық округінің құрамына қосылады.




