F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қалдықсыз технология: ШҚО-да тәулігіне 500 тонна күнбағыс өңдейтін толық циклді май зауыты іске қосылды

F16 F16
12.12.2025, 14:36
Агросектор, Ауыл шаруашылығы, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Бүгін Өскеменде ALTAI MAI толық циклді май экстракциялау зауыты іске қосылды. Жергілікті шикізатты өңдеуге бағытталған кәсіпорынның ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында ашылған ірі өндірістік нысан болашақта елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және экономикалық тұрақтылықты арттыруға мүмкіндік беретінін айта кету керек.

Фото: F16.kz

ALTAI MAI – өсімдік майын өндіруге арналған соңғы үлгідегі заманауи кешен. Мұнда шикізатты өңдеудің барлық циклі қамтылған, мәселен өнімді қабылдау, оны кептіру, экстракциялау, тазарту және қаптау толық автоматтандырылған жүйеде жүргізіледі. Кәсіпорын жергілікті жерде өсірілетін күнбағыс пен рапс сияқты майлы дақылдарды өңдеп, бірнеше түрлі өнім шығарады. Атап айтқанда, тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы, күнжара (шрот), пеллет және басқа да өнімдер. Зауыттың цехтары жоғары технологиялық жабдықтармен жарақталған, ал шикізат пен дайын өнім арнайы қоймаларда сақталады.

Бүгін біз көптен күткен іргелі зауыттың ашылуына жиналдық. Инвесторлар бұл жобаны іске асыру үшін 23,5 млрд теңге қаржы құйды. Жаңа зауыттың ерекшелігі майлы дақылдарды толық циклді өңдеуден өткізеді. Қазір мұнда 280 адам еңбек етеді, алдағы уақытта 350 адам жұмыс істейтін болады. Ең бастысы бұл кәсіпорын экология талаптарына сай әрі қалдықсыз жұмыс істейді, – деді аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов.

Мамандардың айтуынша, өнімнің әр партиясы көп сатылы сапа бақылауынан өтеді, бұл оның табиғи құндылығын сақтауға, халықаралық стандарттарға сай болуына мүмкіндік береді. Оған қоса кәсіпорында экологияға жүктемені азайтатын заманауи жүйелер енгізілген, айталық тиімді тазарту құрылғылары, қауіпсіз қайта өңдеу технологиялары және қалдықсыз өндіріс шешімдері қолданылады.

Фото: F16.kz

Жаңа зауыттың іске қосылуы өндірістік қуатты арттырып қана қоймай, бүкіл агроөнеркәсіп секторын дамытуға тың серпін береді дейді мамандар.

Тәулігіне 500 тонна күнбағыс майын, 120 тонна тазартылған май, 178 тонна сығымдалған май, 50 тонна экстракциялы май, 200 тонна түйіршікті күнжара өңдеп шығарамыз. Сағатына 2 мың бөтелке май құйылады. Дайын өнімдер ТМД елдерінен басқа көрші Қытайға, Азия мемлекеттеріне экспортталады. Болашақта Еуропаға, Араб елдеріне шығарсақ деген жоспарымыз бар. Қазірдің өзінде Қытайдан сұраныс көп түсіп жатыр. Біздің кәсіпорын олардың бәрін қамтамасыз етуге дайын, – деді ALTAI MAI зауытының бас технологы Дәулен Бейсенбаев

Зауыттың жұмысы қалдықсыз өндіріске бағытталғандықтан бұл жерде майлы дақылдардың қабығына дейін кәдеге жаратылады. Мәселен, күнбағысты сығып, майын алған соң қабығынан отын дайындалады. Оны кәсіпорынның бу қазандығына жағып, энергиясын өндіріске пайдаланады.

Фото: F16.kz

Компания бірнеше стратегиялық мақсатты көздейді:

  • ішкі нарықты сапалы отандық өсімдік майымен қамтамасыз ету;
  • жергілікті фермерлермен тұрақты серіктестік орнату;
  • экспорт әлеуетін арттыру;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • экологиялық тұрақтылық принциптерін сақтау.

Бұл кәсіпорынның ашылуы жаңа өндірісті іске қосу ғана емес, бірінші кезекте импортты алмастыруға, отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға және елдің азық-түлік тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік береді. Біздің негізгі мақсат – осы. Біз қазақстандық шикізатқа, технологиялар мен құзыреттерге негізделген заманауи өнеркәсіп кәсіпорнын құруға ұмтылдық, – деді ALTAI MAI ЖШС өкілдері.

Тегтер: F16ауыл шаруашылығыимпортмай зауытыотандық өнімЭкспорт
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған