Шектеу ауа райының қолайсыздығына байланысты енгізілді, деп хабарлайды F16.kz.
«ҚАЖсервис» ЖШС Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, 12 қаңтар күні сағат 10.30-дан бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар Өскемен-Семей тас жолының 10-103 шақырымында (Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс жабылады.




