Тәртіп сақшылары ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасады, деп хабарлайды F16.kz.
Өңірде күн райы бұзылып, ауа темпертурасы төмендеп кетті. Кей аудандарда жауын-шашын жауып, жолдарда көктайғақ болған.
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарын ерекше сақ болуға шақырады.
Көлік жүргізушілері автокөліктерін күзгі-қысқы маусымға алдын ала дайындау қажет. Дөңгелекті ауыстырып, жарық беру құрылғыларын тексерген жөн.
Жаңбыр, қар және көктайғақ кезінде қозғалыс жылдамдығы мен қауіпсіз қашықтықты сақтау керек, — деп атап өтті тәртіп сақшылары.
Жаяу жүргіншілерге де барынша сақ болу қажет. Белгіленбеген жерден жолды кесіп өту — өміріңізге қауіп төндіруі мүмкін.




