Шығысқазақстандық могулшы Анастасия Городко Францияда өткен халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
Қазақстан құрамасы фристайл-могулдан Францияның Тинь қаласында жалауы желбіреген халықаралық турнирде жиыны төрт медаль жеңіп алды. Оның екеуі – алтын, екеуі – қола медаль. Алтын жүлденің екеуін де жерлесіміз Анастасия Городко еншіледі. Ол әйелдер арасындағы сайыста екі рет жеңіс тұғырына көтерілді. Қола медальдарды Аяулым Әмренова мен Антон Бондарев қоржынға салды.




