Өскемен-Риддер республикалық тас жолында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көліктерге әуеден бақылау жүргізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Шығыс Қазақстан облысы аумағында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы кезінде жол полициясы «Кибершериф» кешені мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданады.
Рейд барысында Өскемен—Риддер тас жолында ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы тыйым салынған жерде көлікті басып озу кезінде қарсы бағытқа шығып кеткен екі жағдайды анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзған Haval және Subaru автокөліктерінің жүргізушілері жауапкершілікке тартылды.
Фото: ШҚО ПД/видеодан алынған кадр



