Маңғыстау облысы Ақтау қаласында өткен «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауында Тарбағатай ауданының командасы жоғары нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды F16.kz.
Жас көшбасшылар байқаудың төрт кезеңі бойынша өздерінің жобалары мен шығармашылық жұмыстарын жоғары деңгейде таныстырып, үздіктер қатарынан көрінді.
Тарбағатай ауданының намысын абыроймен қорғаған команда мүшелерін және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Аталған жетістік аудан мектептеріндегі оқушылардың белсенділігі мен көшбасшылық қабілетінің, мектеп парламенті жұмысының нәтижелі ұйымдастырылып жатқанын көрсетеді. Бұл жеңіс жас буынның қоғамдық белсенділігін арттырып, жаңа бастамаларға жігерлендіретін маңызды қадам, — дейді аудандық білім бөлімі.
Тарбағатайлық команда еліміздің 17 облысы мен 3 ірі қаласынан 20 үздік команда арасынан суырылып шығып «Үздік жоба» номинациясымен марапатталды.




