Мемлекет басшысы тағайындаған «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Грант берудің мақсаты — белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жаңа идеялар мен бастамаларды мемлекеттік қолдау.
2025 жылы республикалық деңгейде 3 млн. теңгеден 30 грант берілетін болады.
Грантқа 14 жастан бастап 35 жасқа дейінгі (34 жасты қоса алғанда) Қазақстан Республикасының кез келген азаматы үміткер бола алады.
Грант негізгі бағыттары төмендегідей:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау 16 маусымнан бастап 18 тамыз аралығында t.urpaktary25@gmail.com электронды поштасы арқылы жүзеге асырылады.
Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-12-78, 8 706-618-07-23 (жұмыс күндері,
сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).




