F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Тоқсаныншы жылдарға қайта оралдық»: Шығыста жарық жиі сөнетін болды

F16 F16
22.07.2025, 13:29
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Кейінгі кезде Өскеменде жарық жиі сөнетін болды және ол туралы жауапты орындар халықты алдында ала құлақтандырмайды. Адамдар “тоқсаныншы жылдарға қайта оралдық па?” деп алаңдайды. Бұл мәселеге байланысты Каменный Карьер кентінің тұрғындары жиылып, жергілікті билік пен прокуратураға шағым жазды, деп хабарлайды F16.kz.  

ҚАЛАДАҒЫЛАР ДА ҚАРЫҚ БОП ОТЫРҒАН ЖОҚ

Жалп етіп жарық сөніп қалуы облыс оталығында және оның іргесіндегі елді мекендерде қалыпты жағдайға айналғандай. Қаланың әр ауданында, атап айтқанда Жібек маталар комбинаты ауданы, Күленов кенті, 23-ші, 22-ші, 20-шы шағын аудандар, Гавань ауданы, Согра кенті, орталықтағы Михаэлис, Космический және басқа да көшелерде электр қуаты жиі болмай қалады. Ең сорақысы электрмен қамтамасыз етуші компаниялар бұл келеңсіздік туралы алдын ала ескертіп, тұрғындарды хабардар етпейді. Сондықтан пәтер иелері кооперативі мен мүлік иелері бірлестігі де ештеңе білмейді. Осындай кезде қарапайым жұрт азан-қазан болып шулап қалады.

Өткенде Күленов кентінде 12 сағат бойы жарық пен суық су болмады. Таңғы сағат 9 шамасында өшкен, кешкі 10-ға қарай бірақ қосылды. Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы да, жергілікті өзін-өзі басқару комитетіндегілер де не болғанын, жарық пен судың қашан берілетінін білмейді. Біздің үйде қарт адам бар, жүре алмайды. Жарық әне қосылады, міне қосылады деп кешке дейін күттік. Ақыры қарияның ас суын әзірлеп әкелу үшін Жібек жолындағы туысымыздың үйіне баруға тура келді, – деді Айша Дүйімбаева.

УӘДЕ ҚАШАН ОРЫНДАЛАДЫ?

Жуықта Өскемен іргесіндегі Каменный Карьер кентінің тұрғындары жиылып, электр мәселесін тағы да көтерді. Жергілікті атқарушы билікке, прокуратураға шағым жазып, әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялады.

Олардың айтуынша, жарықтың қайта-қайта өшуінен үйдегі электр техникалары күйіп, тоңазытқыштағы азық-түлігі бұзыла бастаған. Әсіресе, жаздың аптап ыстығында тоңазытқышсыз қиын.

Жарық күн сайын сөнеді. Тіпті бар болған күннің өзінде электр қуаты аз. Соның салдарынан үйдегі техникалар істен шығып, жарамсыз боп қалды. Біз бұл проблеманы айтып бірнеше рет жауапты орындарға хабарластық. Ауылда жиын өткіздік. Ушанов ауылдық округінің (Глубокое ауд. – ред.) бұрынғы әкімі, ШҚ АЭК өкілдері келді, мәселені шешуге уәде берді. Бірақ әлі күнге ешқандай нәтиже шықпады, – деді Каменный Карьер кентінің тұрғындары.

Жергілікті халықтың айтуынша, электр қуатымен қамтушы компания жарықтың сөнуі жөндеу жұмыстарымен байланысты деп түсіндірген. Бірақ көпшілік бұған сенбейді.

Қашанғы жөндеуге болады?! Біз ондай уәжге сенбейміз. Өйткені жөндеудің нәтижесін көрмедік, күн өткен сайын нашарлап барады. Тоқтың кернеуі әлсіз және тұрақсыз. Кернеу бірде жоғарылап, бірде төмендеп ауытқып тұрғандықтан электр құрылғыларымыз істен шығып қалады. Оның бәрін кім қалпына келтіреді. Бәрі күйіп кетті, енді адамдар өртенсін деп отыр ма?! – деп күйінді екінші бір ауыл тұрғыны.

Тегтер: F16ӨскеменШҚОэлектр қуаты
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған