Бүгін қала әуежайында жанкүйерлер IIHF Құрлық кубогының финалдық кезеңінен жүлдемен оралған «Торпедо» хоккейшілерін күтіп алды, деп хабарлайды F16.kz.
Команда Құрлық кубогының жүлдесін өз тарихында алғаш рет иеленіп отыр.
Финалдық кезеңде «Торпедо» Данияның «Хернинг Блю Фокс» командасын жеңіп, британиялық «Ноттингем Пантерз» клубына есе жіберді.
Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Пестов финалдық сериядағы голкиперлер рейтингінде көш бастап, турнирдің үздік қақпашысы атанды.
Ойыншылар қала тұрғындарына көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, бұл нәтиже Pro Hokei Ligasy Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіне дайындықтың маңызды сатысы екенін атап өтті.
Хоккей клубы бірден тұрақты чемпионат ойындарына дайындықты бастамақ. «Торпедо» 21-22 қаңтар күндері өз айдынында петропавлдық «Құлагерге» қарсы ойын өткізеді.




