2026 жыл — Халықаралық волонтерлер жылы. Ұлттық волонтерлік желі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарын еліміздегі еріктілер қозғалысына қосылуға шақырады, деп хабарлайды F16.kz.
Қазір волонтер болу үшін кез келген өңірден бізге хабарласып, волонтер болғыңыз келетінін айтсаңыз жеткілікті. Егер қай бағытты таңдарыңызды білмесеңіз, бірнеше бағытта өзіңізді сынап көріп, ұнағанын таңдауға болады, — деді «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі қауымдастығының атқарушы директоры Татьяна Миронюк Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
ШҚО Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев өңірде тұрғындарды волонтерлік қызметке белсенді тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Осы күндері бізге Ұлттық волонтерлік желі өкілдері келіп, қолдау көрсетуде. Біздің басты ұстанымымыз — насихаттау, шақыру және үлгі болу арқылы азаматтарды тарту. Бізде өтіп жатыр республикалық «Таза Қазақстан» акциясына тұрғындар белсене қатысып, бастамашы болып жатады. Туған жерін таза ұстау деген мақсат халықты біріктіреді, — деді Айдар Садырбаев.
Оның айтуынша, қазір Шығыс Қазақстан облысында екі мыңнан астам адам волонтерлікпен айналысады.




