F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Туризмге тың серпін: Конституциялық реформа инвестиция мен сенімге жол аша ма?

F16 F16
03.03.2026, 09:00
Жаңалықтар, Заң, Өскемен, Туризм, Экология
Фото: F16.kz

Фото: F16.kz

Өскеменде өткен жиында жаңа Конституция жобасындағы туризм, экология және инвестиция мәселелері әңгіме арқауына айналды. Шығыс Қазақстан облысының туристік қауымдастық өкілдері саланың болашағы құқықтық тұрақтылықпен тығыз байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті базасында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің сапары аясында туризм саласы өкілдерімен дөңгелек үстел отырысы өтті. Делегацияны Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды.

Аида Балаева жаңа Конституция жобасы адамды, оның құқықтарын, қауіпсіздігін және болашағын ел дамуының негізгі басымдығы ретінде айқындайтынын атап өтті. Сонымен қатар құжат мемлекеттік құрылымды нығайту мен экономикалық дамуға құқықтық және институционалдық негіз қалыптастыруды көздейді. Оның айтуынша, туризм саласы үшін құқықтық тұрақтылық, инвестиция тарту және табиғи-мәдени мұраны қорғау ерекше маңызға ие.

Табиғатты қорғау қағидатын бекіту – стратегиялық маңызы бар мәселе. Қоршаған ортаны қорғау тек экологиямен байланысты емес, бұл – ұлттық қауіпсіздік пен болашақ ұрпақтың мәселесі. Табиғат – экономикалық ресурс қана емес, ұлттық бірегейлігіміздің, тарихымыз бен мәдениетіміздің бір бөлігі. Оны сақтау – міндет, дамыту – өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Туризм саласы үшін ерекше маңызды дүние – алдын ала пайымдау мен сенім. Инвесторлар мен кәсіпкерлер заңның айқындығына, меншік құқығының қорғалуына және мемлекеттік шешімдердің тұрақтылығына сенімді болуға тиіс, – деді Аида Балаева.

ТАБИҒАТ ПЕН БИЗНЕСТІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ

Парламент Мәжілісінің депутаты Лұқбек Тұмашинов туризмнің тұрақты дамуы табиғи аумақтарды қорғаумен қатар, бизнестің инфрақұрылымға, қызмет көрсету сапасына және жаңа бағыттарға инвестиция салуына мүмкіндік беретін құқықтық негіздерге тәуелді екенін атап өтті.

Туризм туралы сөз қозғағанда, әсіресе Шығыс Қазақстан секілді ерекше аймақ жайлы айтқанда, бір мәселе айқын: табиғат қорғалуға тиіс, ал кәсіпкер ертеңіне сенімді болуы керек. Экожолдар, сапаржайлар, қызмет көрсету, қауіпсіздік, цифрлық платформалар арқылы дамыту – барлығы сенім мен тұрақты ережелерге негізделген. Егер Конституцияда табиғатқа жауапкершілікпен қарау және “Заң мен тәртіп” қағидаты бекітілсе, бұл салаға ұзақмерзімді даму мен инвестиция үшін берік негіз қаланады, – деді депутат.

ҚҰРЫЛТАЙ — ТИІМДІ БАСҚАРУ ҮЛГІСІ

Конституциялық реформа комиссиясының мүшесі Сергей Пономарев ұсынылған бір палаталы Парламент – Құрылтай үлгісіне тоқталып, бұл өзгерістер артық бюрократияны қысқартып, депутаттардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталғанын айтты.

Бір палаталы парламент – Құрылтай – тиімді үлгіге көшу. Екі палаталы жүйеде заң жобасы бірнеше оқылымнан өтіп, палаталар арасында келісімдер мен қайта қараулар болуы мүмкін. Бұл процесті ұзартып, артық әкімшілік кезеңдерге әкеледі. Ал бір палаталы жүйеде артық әрекеттер азайып, кәсібилік пен нақты жауапкершілікке басымдық беріледі. “Құрылтай” атауы тарихи мәнге ие, маңызды шешімдер қабылданған ұғым. Бүгінде ол заманауи институционалдық құрылымға айналмақ, – деді ол.

Жиын қорытындысында Шығыс Қазақстан облысының туристік сала өкілдері конституциялық реформаны қолдайтындарын білдірді. Олардың пікірінше, алдағы референдумға азаматтардың белсенді қатысуы қоғам сенімін арттырып, инвестициялық ахуалды жақсартуға және өңірлердің орнықты дамуына ықпал ететін маңызды қадам болмақ.

Тегтер: F16Ата заңБалаеваКонституциялық реформаӨскеменРеферендумТуризм
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған